Главная

26-09-2017

Қалалық денсаулық сақтау жаңалықтары

Астана қаласында 2011 жылдың 17 мамырынан 13 маусымы аралығында «Жасөспірімдік медицина» тақырыбында Новосібір мемлекеттік университетінің барып-келу циклы өтеді.

 

2011 жылдың 11-ші және 16 сәуірі аралығында Оқу-клиникалық орталығының директоры Мусина Райхан Рысханқызы және халықаралық байланыстар бойынша дәрігер маманы Алпысбекова Әйгерім Мәуленқызы әлемдiк денсаулық сақтау және медициналық туризм бойынша Қазақстан – Корея  ынтымақтастығы шеңберінде  Сеул қаласындағы  «Медициналық Корея 2011» II конференцяға қатысуға шақырылды.

 

2011 жылдың 25 сәуірінен 8 мамыры аралығында Астана қаласында «Клиникалық трансфузиология» тақырыбында Уральск (Ресей, Екатеринбург қ.) мемлекеттік академиясының көшпелі циклы өтті. Циклды ұйымдастырушы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы және Оқу-клиникалық орталығы болып табылады.

 

2011 жылдың 20-шы наурызынан 14-ші сәуірі аралығында Соураски (Тель-Авив қ., Израил) Медициналық орталығында Астана қаласының екі дәрігері сынақтан өтті.

 

2011 жылы 23 сәуірде Астанада профессор Блюмның (Германия) «Вирусты гепатитті емдеу және диагностикасының өзекті сұрақтары» тақырыбында мастер –класс өтті. Мастер-класты ұйымдастырушы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

 

Корей Республикасының Денсаулық сақтауын Дамыту Институты ұйымдастырған 2011 жылғы 1-ші халықаралық медициналық тренингтің Бағдарламасы бойынша Қазақстан –Корей бағдарламасы аясында өзекті клиникалық мамандықтар бойынша қазақстандық дәрігерлер Корея ауруханасында үш айлық сынаққа жолданды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының полиомиелиттен еркін ел мәртебесін сақтау және балалардың полиомиелитке иммунитетін жоғарылату мақсатында ДДҰ-ның ұсынымына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында полиомиелитке қарсы қосымша иммундау шарасын жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасында 2011 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ботулизмнен сырқаттанушылық 7,3 есеге, басқа бактериялық тамақтан улану 37,4%, сальмонеллезбен 33,9%, педикулезбен 32,2%, жіті вирусты гепатиттермен 31,1%, оның ішінде В вирусты гепатиті 33,3%, А вирусты гепатиті 30,3%, ротавирустық энтеритпен 19,6%, топтық жіті іш жұқпалары 16,5%, тыныс алу органдарының туберкулезімен 13,8%, мерезбен 11,2%, бруцеллезбен 10,2%, АИТВ-инфекциясымен сырқаттану 31 жағдайға төмендеді.

 

 

ruhani

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін236
mod_vvisit_counterКеше541
mod_vvisit_counterОсы аптада3219
mod_vvisit_counterӨткен аптада3895
mod_vvisit_counterОсы айда10593
mod_vvisit_counterӨткен айда11474
mod_vvisit_counterБарлығы1556241