Главная

26-09-2017

Қалалық денсаулық сақтау жаңалықтары

«Нәрестенің денсаулығына интегралды қарау» атты Конференция

27 маусымда Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында «Нәрестенің денсаулығына интегралды қарау» атты Конференция өтті.

БЖАИЖ стратегиясының басты мақсаты аурудың қауіпті белгілерін бағалау, медициналық қызметкерге қай кездері міндетті әрі шұғыл түрде жолығу қажет, дұрыс емізу, тамақтандыру және баланы дұрыс күту мәселелері болып табылады.

 

Астана күні қарсанында перзентхана үйлерінде өткен акция

Астана қаласының перзентхана үйлерінде Астананың туған күнінде «Астана – біздің болашағымыз» атты акция өтті, Осындай тамаша күні барлық жаңа туған нәрестелерге баланың мінезін сипаттайтын ойыншық және құттықтау ашық хаты сыйланды.

Барлығы 63 бала дүние есігін ашты, олардың 35 қыз бала және 28 ұл бала.

Дүниеге келген біздің Елордамыздың кішкентай азаматтары, Республикамыздың болашақтары, олар әкелері орнатқан Елорданың таңы мен байлығын сақтап, көбейтулері тиіс. «Бақытты әрі дендерін сау болсын!!!»- демекпіз!

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпбейінді балалар ауруханасын аралап көрді

Астана күнінің туған күніне орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауысымына 250 науқасты қабылдаумен кеңес беретін-диагностикалық емханамен бірге 350 төсегі бар қалалық көпбейінді балалар ауруханасын аралап көрді.

Жаңа стационар Астана қаласы балаларына амбулаторлы-емханалық және стационарлық хирургиялық көмек көрсетуді жақсартуға бағытталған үздік жоба болып табылады.

 

Үйлестіруші кеңестің отырысы

2012 жылға арналған Астана қаласы әкімдігі жанындағы денсаулықты қорғау бойынша Үйлестіруші кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2012 жылдың 20 маусымы қала әкімінің орынбасары А.Г. Балаеваның төрағалық етуімен және Үйлестіруші кеңес мүшелерінің қатысуымен Үйлестіруші кеңестің отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша орта және жоғарғы оқу орындарының жасөспірімдері мен студенттері, балалар арасында АҚТҚ инфекциясын, туберкулезді ерте диагностикалау бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелері шешілді.

 

Құрметті Елорда тұрғындары!

Енді Сіздер «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігер қабылдауына жазылу» және «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызмет түрлерімен электрондық үкімет сайтында электронды түрде қолдануыңызға болады.

Ол үшін Сізге электронды-сандық қол таңба алу керек және www.e.gov.kz электрондық үкімет сайтын кіру қажет.

 

«Екпенің теріс ықпал етуіне фармацевтикалық қадағалау» атты тақырыпта конференция

Ағымдағы жылдың 12 маусымы №5 қалалық емхана базасында «Екпенің теріс ықпал етуіне фармацевтикалық қадағалау» атты тақырыпта конференция өтті.

Аталмыш конференция ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында екпеден кейінгі асқынуларды эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі маңызды мәселелер талқыланды.

 

Медициналық-әлеуметтік оңалту Орталығының уақытша бейімделу және детоксикация бөлімшесіндегі көшпелі жиналыс

2012 жылғы 6 маусымда Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Г.Балаеваның төрағалығымен медициналық-әлеуметтік оңалту Орталығының уақытша бейімделу және детоксикация бөлімшесінде көшпелі жиналыс өткізілді.

Отырыста Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.К.Сегізбаев және қаланың медициналық-әлеуметтік оңалту Орталығының уақытша бейімделу және детоксикация бөлімшесінің  проблемалы мәселелері жөніндегі Астана қаласының ішкі істер Департаменті бастығының орынбасары сөз сөйледі, олар мекеме аралық арақатынас аясында шешім қабылдау үшін қажет шаралар туралы мәліметтермен бөлісті.

 

Медициналық қызметкерлер күні

2012 жыл 14 маусым сағат 16:00-де Медициналық қызметкерлер күні №1 қалалық аурухана базасында Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Г. Балаеваның, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ұжымының және қалалық медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.

Медициналық қызметкерлерге «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгілер мен Астана қаласы әкімінің орынбасары атынан мақтау қағаздар табысталды.

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін451
mod_vvisit_counterКеше484
mod_vvisit_counterОсы аптада451
mod_vvisit_counterӨткен аптада3995
mod_vvisit_counterОсы айда11703
mod_vvisit_counterӨткен айда18934
mod_vvisit_counterБарлығы1789901