Главная Басқарма құрылымы Басқарма ережесі

Басқарма ережесі

«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Астана қаласы әкімінің өкіміне сәйкес бекітіледі.

7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

10. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12. Басқарма миссиясы:

Астана қаласының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және халықтың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай ұлттық саясатқа сәйкес халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

13. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының ауқымында қалалық денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесіне қол жеткізу мақсатында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін және сапалылығын ұйымдастыруды жетілдіру және дамыту;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмысын жандандыру және алғашқы медициналық буын рөлін күшейту. Азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;

3) кәсіби медициналық дайындықты жетілдіру және ел ішінде, шетелде отандық денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және жетекші шетелдік мамандарды тарту, сондай-ақ, медицина саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы қаланың денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті қадрлық әлеуетін құру;

4) халықтың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық қарым-қатынастың бірыңғай ұлттық саясатын іске асыру.

14. Функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

3) азаматтарды медициналық көмекпен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

4) ведомствоға бағынысты медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, талдау және бақылау;

5) денсаулық сақтау ұйымдарын дамытуға және қызмет етуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;

6) денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды:

амбулаториялық деңгейде;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде сатып алуды жүзеге асыру;

8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитарлық көлікті сатып алуды, сондай-ақ, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізу қызметін ұйымдастыру;

9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу;

11) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғарғы және орта медициналық оқу орындарына беру;

12) медицина және фармацевтикалық кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;

13) гигиеналық оқытуды, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;

14) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;

16) уәкілетті органдармен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасау және оны іске асыру;

17) Басқармаға қарасты ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік мекеме органының функцияларын жүзеге асыру;

18) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен міндеттері:

1) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті мәліметті және материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сұрау және алу;

3) Қазақстан Республикасының қолданысты заңнамалық актілерінде көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

4) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолдану;

5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

16. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

17. Басқарма бастығын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

18. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Басқарма бастығының өкілеттігі:

1) өз орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшілері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Басқарманың қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) заңнамада бекітілген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыретінің шегінде Басқарма қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

7) жемқорлық әрекеттерге қарсы тұру үшін жеке жауапкершілік алады;

8) Басқарма қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын орындамағаны үшін жеке жауапкершілік алады;

9) оның құзіретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. Басқарма бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

 

4. Басқарманың мүлкі

21. Басқарманың Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) коммуналдық жеке меншігіне жататын жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістіреді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 қалалық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

4) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 қалалық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

5) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

8) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 4 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

9) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

10) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

11) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

12) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 8 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

13) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

14) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

15) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

16) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шапағат» медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

17) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

18) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

19) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

20) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

21) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

22) 15) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

23) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

24) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Онкология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

25) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларының алдын-ала емдеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

26) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Патологоанатомиялық бюро» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

27) Астана қаласы әкімдігінің «Туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

28) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

29) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

30) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

31) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

32) Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

33) Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

34) «Стоматология» оқу-клиникалық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

 

Басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

1) Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

2) Астана қаласы әкімдігінің «Арнайы медициналық жабдықпен жабдықтау базасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

 

 

ruhani

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін151
mod_vvisit_counterКеше370
mod_vvisit_counterОсы аптада3551
mod_vvisit_counterӨткен аптада3781
mod_vvisit_counterОсы айда11984
mod_vvisit_counterӨткен айда13177
mod_vvisit_counterБарлығы1530456