Басталуы сағат 15:00

2016 жылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласында АИТВ-ның алдын алу бойынша айлық өтеді. 2016 жылғы 06 желтоқсанда «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «Мен қолдаймын! АИТВ-ның алдын алу» атты кең ауқымдағы акция айлықты қорытындылайды. ЮНЭЙДС-тің жаңа баяндамасына сәйкес соңғы бес жылда әлемде жыл сайын АИТВ инфекциясын жұқтыратын ересек адамдардың бағалама саны 1,9 миллион адамды құрап отыр. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні алдында ЮНЕЙДС 2016 жылғы «Мен қолдаймын! #АИТВ-ның алдын алу» ұранын жариялады. Кампания АИТВ-инфекциясының алдын алудың түрлі аспектілері мен халықтың нақты топтары арасына жұмылатын болады. Биылғы жылғы Кампанияның айрықша ерекшелігі ол әрбір адам АИТВ-инфекциясының алдын алуға өзінің үлесін қоса алатындығында. Акцияға қаланың барлық тұрғындары шақырылады. Акция барысында барлық келушілер АИТВ-ға жедел-тестіден өтуге мүмкіндік алады және 15 минут ішінде АИТВ мәртебесін біле алады. Акция концерттік бағдарламамен сүйемелденеді. Сондай-ақ, сұрақ-жауап викторинасы өтеді, дұрыс жауаптар сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, қалалық мектеп оқушылары арасында үздік суреттер мен бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі үздік мақала байқауының жеңімпаздары марапатталады. Астана қаласының ЖИТС орталығы 2016 жылы АИТВ-ның алдын алу, диагностикалау және емдеу аясында нақты бір нәтижелерге қол жеткізді. АИТВ-инфекциясын жұқтырған анадан балаға берілуіне жол берілмей, халықтың тестілеуден өтуіне қол жеткізу қамтамасыз етіліп, 4 буындағы заманауи жедел-тестілеу, АИТВ-ны ерте анықтау бойынша тест-жүйесі және өзге де жаңа технологиялар қолданылып, енгізілуде. Бір сөзбен айтқанда, акция бір ай бойы өтіп жатқан кешенді ақпараттық насихаттау ісінің бір ғана бөлігі болып табылады. Кампания аясында Қ.Қуанышбаев атындағы театрда "Көлеңкесіз жолаушы" спектаклі, сауда үйлерінде, базарларда семинарлар мен дәрістер, студенттер арасында бейне конференциялар, мектеп оқушылары арасында дебаттар, жастарға арналған денсаулық сақтау орталықтарында акциялар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қайырымдылық акциялары сияқты түрлі іс-шаралар жүргізілді.

 

 

ruhani

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін151
mod_vvisit_counterКеше370
mod_vvisit_counterОсы аптада3551
mod_vvisit_counterӨткен аптада3781
mod_vvisit_counterОсы айда11984
mod_vvisit_counterӨткен айда13177
mod_vvisit_counterБарлығы1530456