Қаланың стационарларына госпитализациялау жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

Шұғыл түрде госпитализациялау өз кезегінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін, жағдайды бағалайтын және бағдары мен қала стационарларының ургентті (шұғыл) кезекшілігінің бекітілген кестесіне сәйкес, қажетіне қарай шұғыл түрде кезекші стационарға госпитализациялай алатын жедел жәрдем шақырылған жіті шұғыл жағдайларда жүргізіледі.

Жоспарлы госпитализациялау 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №860 бұйрыққа сәйкес созылмалы аурулар, кезек күттірмейтін араласуды қажет етпейтін асқынулар кезінде жоспарлы түрде жүзеге асырылады:

1. Стационарлық көмек көрсетуші денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – стационар) жоспарлы госпитализациялау пациенттің АМККК шеңберінде медициналық ұйымды таңдау құқығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
2. Стационарға госпитализациялауға жолдаманы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) медициналық ұйымы рәсімдейді.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген ұйым (бұдан әрі – Госпитализациялау бюросы) АМККК шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялау шарасын мына жолдармен жүзеге асырады:

МСАК ұйымдарының мамандарымен госпитализацияға жолданғандар мен госпитализациялаудан бас тарту және стационардағы бос төсек-орындар туралы деректер арқылы төсек бағдарлары шамасында «Жоспарлы госпитализациялау регистрі» персонифицирленген деректер базасын құру (бұдан әрі – Регистр);

МСАК ұйымдары ұсынатын және стационарлар ұсынатын бос төсек-орындар бойынша стационарлық көмекке мұқтаж науқастар туралы деректерге сәйкес жоспарлы госпитализациялау мониторингін республикалық және аймақтық деңгейде өткізу;

Қазақстан Республикасы аумағында жоспарлы госпитализациялау үрдісінің қатысушылары арасында әрекеттестікті қамтамасыз ету.

Жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1.    Стационарға госпитализациялау.

2.    Науқас жүгінген кезде МСАК ұйымының емдеуші дәрігері науқасты қарауды, ауруды диагностикалау және клиника-диагностикалық,  аспаптық және рентгенологиялық зерттеулер сияқты емдеу амалдары мен мамандар кеңестерін жүзеге асырады.

3.    Қажетіне қарай емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісімен біріге отырып, науқасты стационарға госпитализациялау мәселесін шешеді.

4.    Науқасты госпитализациялау шешімі қабылданған кезде МСАК ұйымының маманы мынаны орындайды:

4.1. МСАК ұйымының статистикалық қызметі бөлімінен пациент таңдап алған аймақтағы стационарлар шамасындағы бос орындар туралы Регистр дерегін сұратады;
4.2. Тіркеу және мониторинг үшін Госпитализациялау бюросына электрондық және қағаз/факс тасымалдағышта госпитализациялауға мұқтаж науқас туралы деректер жолдайды;
4.3. Бос бағдарлы төсек-орын болған кезде дәрігер нөмірі мен кодын көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді;
4.4. Науқас таңдап алған бос төсек-орын болмаған жағдайда МСАК ұйымының дәрігері науқасқа бос төсек-орны бар басқа стационарды таңдауын ұсынады;
4.5. Науқас ұсынылған стационардан бас тартқан жағдайдадағы дәрігердің әрекеті:

4.5.1. науқастың таңдап алған стационарында жоспарлы госпитализациялануды күтуі қажет екендігін хабарлайды;
4.5.2. жоспарлы госпитализациялаудың күту парағына тіркеу үшін науқас туралы деректі электрондық және қағаз тасымалдағышта Госпитализациялау бюросына жолдайды;
4.5.3. жолдаманы Күту парағының код нөмірі мен госпитализациялаудың күні бұрын күнін белгілей отырып жолдаманы рәсімдейді;
4.5.4. Госпитализация бюросы:

4.5.1.1. МСАК ұйымымен жолданған науқасты госпитализациялау күнін растауды шұғыл түрде жүзеге асырады;
4.5.1.2. госпитализациялауға мұқтаж науқасты тіркеуді жүзеге асырады және әр науқасқа код нөмірін береді;
4.5.1.3. госпитализациялауға жолданған науқастардың тізімін күн сайын стационарға жолдап отырады;
4.5.1.4. күту парағына науқасты және қозғалыс мониторингін тіркеуді жүзеге асырады;
4.5.1.5. МСАК ұйымдарына күн сайын стационар  шамасындағы бос төсек-орындар және аймақ бағдары, сондай-ақ республикалық клиникаларға да өтінім бойынша мәліметтерді жолдайды;
4.5.1.6. госпитализациялауды күтіп жүрген науқастарды күні бұрын құлақтандыру үшін күн сайын МСАК ұйымдарына Күту парақтарын жолдайды;
4.5.1.7. МСАК ұйымының статистика қызметінің бөлімі науқастың коды бойынша науқасты уақтылы құлақтандыру үшін Күту парағын бақылап отырады;
4.5.1.8. госпитализацияны күту күнтізбелік он күннен асатын болса және зертханалық зерттеулердің күні ескіріп қалатын болса, науқас МСАК ұйымдарында жалпы клиникалық зертханалық зерттеулерді қайталай жасауы керек;
4.5.1.9. Орынның  болмауы себепті госпитализациялаудан бас тарту жағдайларын болдырмау үшін МСАК ұйымы Госпитализация бюросымен бірге күн сайын стационарға жолданған науқастарды госпитализациялау күндерін салыстырып отырады. Госпитализациялау күнінде өзгерістер болғанда науқас құлақтандырылып отырады;
4.5.1.10. жоспарлы госпитализациялаудың мониторингі үшін МСАК ұйымы стационарлық емдеуге жолданған барлық науқастарды тіркейді.

Пациент медициналық көмектен бас тартқан жағдайда МСАК ұйымы бұл жөнінде науқасты Кезек парағынан алып тастау үшін Госпитализация бюросын ескертеді.

Медициналық көмектің негізгі түрлерінің бірі – амбулаторлық-емханалық көмек

Амбулаторлық-емханалық көмек тұрғын халыққа Астана қаласының 9 емханасында жүзеге асырылады. Бұл емханалардың құрамында Отбасы денсаулығы орталықтары, күндізгі стационарлар және скринингтік тексеруді жүргізу үшін дәрігерге дейінгі кабинеттер қызмет етеді. Қаланың емханаларында алғашқы медицина-санитарлық, дәрігерге дейінгі, білікті және стационар алмастырушы көмек көрсетіледі.

Азаматтарды МСАК ұйымдарына (емхана) тіркеу (бекіту) тәртібі:

1.    Азамат МСАК-тың тек бір ғана ұйымына тіркеле алады.
2.    Азаматтың МСАК-қа тіркелгенін растайтын құжат – медициналық ұйымға тіркеу талоны.  
3.    МСАК ұйымына тіркеу еркін өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде  МСАК ұйымының  кестесіне сәйкес барлық күнтізбелік күнде орындалады.
4.    Азаматтарды МСАК ұйымына тіркеу дәрігерді, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шамасында медициналық ұйымды таңдау құқығымен тұрақты не уақытша тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс, оқу орны бойынша жүзеге асырылады.
5.    МСАК ұйымдары тіркеуді азаматтың өзі келіп жүгінгенде ғана жүзеге асырады.
6.    Азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеу тұрғын халықты тіркеу санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7.    Азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеудегі өзгерістер:
1) тұрақты не уақытша мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны ауысқанда, сондай-ақ МСАК ұйымдарының қайта аталғанында және жойылғанында;
2) дәрігер мен медициналық ұйымды азаматтың еркін таңдауы кезінде жарты жылда бір рет қана.
1.    Тіркеуі өзгерген кезде талон МСАКК ұйымына қайтарылады, ал азаматқа шығарылу талоны беріледі.
2.    Азаматтардың МСАК ұйымдарын еркін таңдаулары кезінде мамандардың оны үйде қараулары жайлы алдын ала шешіліп, талонға жазылады.

Амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсету түрлері:

1.    Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің мынадай түрлері бар:
Диагностикалық шаралар:
бойды, салмақты, бас көлемін, кеуде көлемін өлшеу;
дене қызуын, қан қысымын өлшеу, магистральді буындардағы тамыр соғысын анықтау;
құлақтың естігіштігін, көздің көргіштігін, көз іші тамырының қысымын (тонометрия) анықтау;
жүкті әйелдердің ішінің, жамбасының көлемін, Соловьев индексін, жатыр түбінің тұрып қалу биіктігін өлшеу;
жүкті әйелдердің жүктілігінің мерзімін, іштегі нәрестенің бірінші келуін, орналасуын, дене қалпын, жүрек соғысын, жасырын ісіктерін анықтау;
тест-жүйе арқылы клиникалық талдаулар алу және зертханалық талдауларды орындау (шұғыл диагностика);
электркардиограмма жасау (ЭКГ);
емдеу шаралары:
отадан кейінгі жараны қайта таңу, жараны өңдеу, сонымен қатар аклюзионды және асептикалы таңғыштарды тарту;
коллапсті, шок жағдайларында (анафилактикалық, кардиогендік, сепсистік, жарақаттық);
жүрек жіті ауруларында, невралгия кезінде, жүрек қызметінің тоқтауы, тыныс алуының тоқтауы, ми қан айналымының жіті бұзылуы;
гипертониялық криз, қан кету, улану, күю, бронхспазма және гипер немесе гипогликемиямен байланысты жағдайлар;
зәр шығарудың жіті тоқтап қалуы, іш қату, жіті психикалық бұзылыстар);
аяқ-қол және омыртқа діңгегінің жарақаттары кезіндегі иммобилизация, сүйек сыну кезінде шендеу, таңғыш таңу, қан тоқтатқыш бұрау салу;
дәрігердің тағайындауы бойынша тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға дәрі егу, дәрі жіберу және басқа да емдік шаралар;
жүктілікті бақылау және босандыру;
массаждың негізгі және қосымша амалдарын өткізу;
әр түрлі аурулары бар пациенттерге шамамен емдік денешынықтырудың жиынтығын құру;
аурудың алдын алу:
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
жүкті әйелді босануға және оның отбасы мүшелерін баланың туу мерзіміне дайындау мақсатында жүкті әйел босанғанға дейін олардың үйіне барып, бақылау жүргізіп отыру;
баланың денсаулығын сақтау, шынықтыру және бала жасындағы аурулардың алдын алу мақсатында ерте жастағы балалардың үйіне барып, бақылау жүргізіп отыру.

2.    Білікті медициналық көмек түрлері:
1)    дәрігерлік жалпы тәжірибе;
2)    терапия;
3)    педиатрия;
4)    хирургия;
5)    акушерия және гинекология.

3.    Медициналық-санитариялық алғашқы көмек түрлері:
1)    ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
2)    амбулаторлық деңгейде емделу;
3)    стационар алмастырушы көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар);
4)    еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау (еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру);
5)    алдын ала тексеру (скринингті зерттеулер);
6)    иммунизация;
7)    салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
8)    тиімді және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар;
9)    отбасын жоспарлау;
10)    жүкті әйелдерді, балаларды және жаңа туған нәрестелерді үйлеріне барып, бақылап отыру;
11)    диспансерлеу және динамикалық бақылау.
«Кезексіз емханалар» республикалық акциясын өткізу

Қазіргі уақытта Астана қаласында тұрғын халықтың және көші-қон үрдісінің қарқынды өсуіне байланысты қала емханаларының, әсіресе қаланың ескі бөлігінде, сол жағалауда және қала маңындағы бөлігіндегі жұмыс істеуі
2,5 – 4 есеге артып отыр. Осыған байланысты «Амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуші ұйымдардың тіркеу қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 606 ҚР ДСМ-нің бұйрығына сәйкес азаматтарды қабылдау тәртібін бір ретке келтіру үшін емхананың тіркеу орындарының жұмысын қайта бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Тіркеушілер саны артуда, қосымша телефондар қойылуда, МСАК ұйымдарының дәрігерлерінің қабылдауына күні бұрын жазылу және өз бетімен, телефон немесе веб-сайт арқылы жүгініп, жазылу тәсілімен дәрігерді үйге шақыру мәселелерін бір ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кейбір емханаларда қарт кісілерге, ардагерлерге және ҰОС мүгедектеріне арналған жеке тіркеу терезелері ашылған.

 

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1041
mod_vvisit_counterКеше2138
mod_vvisit_counterОсы аптада5443
mod_vvisit_counterӨткен аптада12513
mod_vvisit_counterОсы айда42501
mod_vvisit_counterӨткен айда50573
mod_vvisit_counterБарлығы318213