Қаланы медициналық кадрлармен жабдықтау туралы ақпарат

2015 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қалалық 34 медициналық ұйымдарда 8805 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 35,7% (3141) дәрігерлер болса, 64,3% (5664) орта медицина қызметкері. «Денсаулық сақтау дамуының республикалық орталығы»Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2015 жылдың 1 қаңтарына  берген деректері бойыншаАстана қаласының медицина қызметкерлерін 10 мың адамға шаққанда: 32% - дәрігерлерден (2013 жылы - 38,86%);58% -орта медицина қызметкерінен  (2013 жылы - 65,32%) құралды.

2014 жылғы есептік кезеңде қаланың емдеу мекемелеріне 3111 медицицна қызметкері жұмысқа алынды, оның 1073-і дәрігер.

Көптеген өткізілген шаралар нәтижесі бойынша кадрлар жетіспеушілігі – 555 медицина қызметкері, оның 249 – дәрігерді құрады.

Дәрігерлермен жасақталу келесі түрде сипатталады: штаттық кесте бойынша педиатр, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері 371,5 бірлікті құраса, барлығы 289 дәрігер жасақталған. 2014 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда – 30 дәрігерді (2014жылғы бірінші жартыжылдықта - 89), оның ішінде педиатрлар – 25 (74), эндокринологтар – 2 (9), невропатологтар – 3(6) құрайды, осыдан келіп дәрігер кадрларының жетіспеушілігі 3 есеге төмендегені байқалады.

2014 жылда Қазақстан Республикасының ғылыми орталықтарында және алыс және жақын шетелдерде біліктілікті арттыру мен алғашқы мамандандыру курстарынан 3285 адам өтті, оның 1679-дәрігер, 1444- орта медицина қызметкері, 162-әкімшілік персонал қызметкері.

Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (Болашақ) акционерлік қоғамымен бекітілген меморандум нәтижесінде 2014 жылы Америка Құрама Штаттары, Корей Республикасы, Израйль, Литва, Ресей Федерациясынан 17 дәрігер (2013 жылы - 19) 1-3 айлық оқудан өтті.

 

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін150
mod_vvisit_counterКеше439
mod_vvisit_counterОсы аптада150
mod_vvisit_counterӨткен аптада3992
mod_vvisit_counterОсы айда10776
mod_vvisit_counterӨткен айда16596
mod_vvisit_counterБарлығы1501560