Главная ...

26-09-2017

...

01-12-2017-kzАстана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Басшысы Надыров Камалжан Талғатұлының құттықтау сөзі.

Құрметті әріптестер және Астана тұрғындары!

Сіздердің Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы атаулы күн, шын мәнінде, бұл жалпы ұлттық бірлік күні. Біздің еліміздің күші – халық бірлігінде.

Осы күннің күнтізбеде пайда болуының өзі кездейсоқ емес: ол халық пен мемлекет тарихындағы үлкен жетістіктер, аса күрделі оң өзгерістер туралы айғақтайды. Бұл жетістіктердің Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Оның жетістіктері халық тарапынан аса зор құрмет пен сенімді тудырады.

Тұңғыш Президентпен бірге біз қиын уақыттар мен сынақтарды бастан кештік. Тәуелсіздік жылдары оның ақылды басқаруымен адамдар ертеңгі күніне сенімділікке ие болды. Бүгінде Қазақстан бүкіл дүние жүзіне бейбітшіл және гүлденуші мемлекет ретінде танымал. Жуырда ғана біз халықаралық аренада Елбасымызды тағы бір тануы мен Қазақстанның табысты дамуының куәсі болдық – бұл Астана қаласында EXPO-2017 көрмесінің сәтті өтуі.

Бізде «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президенттің Жолдауында көрсетілген одан кейінгі жолдардың айқын бағдары бар.

Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған әлеуметтік бағдарламалары, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» әр азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы мерекелік күн Сіздердің жүректеріңізді біздің мемлекетіміз үшін мақтанышқа, бірлікке және түсіністікке ұмтылуға толтырсын. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігіне жемісті жұмыс тілейміз!

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін50
mod_vvisit_counterКеше304
mod_vvisit_counterОсы аптада354
mod_vvisit_counterӨткен аптада1988
mod_vvisit_counterОсы айда5042
mod_vvisit_counterӨткен айда9149
mod_vvisit_counterБарлығы1655981