Главная Жаңа МКҚК «Туберкулезге қарсы диспансеріне» жұмыс сапары

26-09-2017

Жаңа МКҚК «Туберкулезге қарсы диспансеріне» жұмыс сапары

26907929 520137108366099 6331521437364583791 n

Денсаулық сақтау басқармасы және Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы жаңа МКҚК «Туберкулезге қарсы диспансеріне» жұмыс сапарымен барып қайтты.

Осы жылдың 13 қаңтарында Денсаулық сақтау министрлігінің министрі Біртанов Елжан Амантайұлы мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Надыров Камалжан Талғатұлы Астана қаласының туберкулезге қарсы жаңа диспансерін жұмыс сапарымен аралап шықты.

Қалалық туберкулезге қарсы диспансер жаңа медициналық құрылғыларымен жабдықталып,  жаңартылған медициналық ақпаратты жүейсімен қамтылған. Осылайша, жаңа құрылған туберкулезға қарсы диспансерде 7 өкпе – терапевтілік пен өкпе - хирургиялық бөлімдері, оқпе

Денсаулық сақтау өкілдеріне рентгендік – диагностикалық бөлімшесінде орнатылған жаңа рентгендік – диагностикалық құрылғы мен сандық компьютерлік томография таныстырылды. Сандық компьютерлік томография көмегімен ауруханада бірден барлық дене мүшелерінің диагностикалық тексеріун өтуге болады.

Аурухананы тексерип қарау кезінде реанимациялық бөлім қаралды. Реанимацияда 12 аурухана төсегі бар. Сонымен қатар, 3 операция бөлімі, экспресс зертханалары мен бокстар көрсетілді.

Туберкулезге қарсы диспансердің госпитализациясы ауруды жұқтырып алмас үшін туберкулез ауруына шалдыққан адамның инфекциялық жағдайына байланысты қатаң жүргізіледі. Бүгінде, ауруханаға 288 адам жатқызылды, оның 28 балалар.

Диспансердің балаларға арналған бөлімінде екі тілде оқытатын мектеп, оқу сыныптары мен ойын бөлмелері бар. Орта есеппен алғанда, туберкулез ауруына шалдыққан балалар 6 ай көлемінде жатып, аурухана қабырғасында ем-шара қабылдайды.

Жұмыс сапары аралау кезінде тағы Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Мұратов Тимур Мұратұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрілігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ахметниязова Лаура Мұстафақызы, туберкулез мәселелері ұлттық орталығының директоры Аденов Малік Молдабекұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Петухова Надежда Михайловна, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Бекшин Жандарбек Мухтарұлы қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауы мен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен жүзеге асқан компексті шаралар туберкулез ауруына шалдығу жиілігі өсуін тоқтатты. Осылайша, соңғы жылдары Астана қаласы бойынша туберкулезбен ауыратын адамдар саны 0,9% қысқарды.

2017 жылғы 12 айдың есебіне сәйкес, туберкулез ауруының негізгі эпедимиологиялық көрсеткіштері бойынша 100 мың тұрғынға туберкулез ауруының таралуы 4,6%-ға, туберкулезден өлім саны 14,3%-ға, 0 мен 17 жас аралығындағы балалар арасында туберкулез аурының жұқпалдылығы 6,4%-ға түсіп, азайғаны анықталып отыр.

Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез жұқпалы ауруының таралу көрсеткішін азайту мақсатында, қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен 2017 жылда алғашқы медициналық көмек ұйымдастыруда 49 бақылау жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы диспансер өкідерінің бірлесуімен туберкулез ауруын алдын-алу шаралары  жұмыстар жиі жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті  балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруының қаупін ескерту мақсатында іс-шаралар жобасын анықтап, бекітті.

Осыған қоса, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Надыров Камалжан Талғатұлы және басқарма басшысынң бірінші орынбасары Мұратов Тимур Мұратұлы ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК-ға жұмыс сапарымен келген болатын.

Орталықты тексеріп аралау барысында аурухананың қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде мәселелер талқыға салынды. Күніне орталықтың қабылдау бөлмесі, шамамен, 200-дей адамдарды қабылдайды, олардың, 50-ге жуығы ауруханаға жатқызылады.

Қалалық №1 аурухана Астана қаласы бойынша ірі медициналық орталықтардың бірі болып келеді. 2017 жылғы қорытындысына сәйкес, бұл медициналық мекеме 59 мың 905 адамды қабылдап, 18 мың адам ауруханаға жатқызылды, емделушілердің 42 мыңы амбулаторлы тәртіптемесіне жіберілді.

26814812 520137445032732 6634280217127839389 n

26730765 520137221699421 1274428834978851894 n

26239215 520137225032754 4312759719479571853 n

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін415
mod_vvisit_counterКеше484
mod_vvisit_counterОсы аптада415
mod_vvisit_counterӨткен аптада3995
mod_vvisit_counterОсы айда11667
mod_vvisit_counterӨткен айда18934
mod_vvisit_counterБарлығы1789865