Главная Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Мысырда белгісіз жарақат алған Қарағанды облысының тұрғынына Астанада медициналық көмек көрсетті

26-09-2017

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Мысырда белгісіз жарақат алған Қарағанды облысының тұрғынына Астанада медициналық көмек көрсетті

скораяМысырға демалуға шыққан Олег Василенко демалыстың үшінші күнінде жарақаттанған: сол аяқтың балтырында іріңдеген қолдыраулар пайда болды. Қызының айтуынша, Мысырда клиника дәрігерлерімен әкесіне асқынған целлюлит, яғни, тері астыңдағы тіндердің қабынуы деген диагноз қойылды.

Мысыр елінің көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанбаған науқастың туған туысқандары Елордалық дәрігерлерден көмек сұрады. Осы орайда, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы науқасқа Астана қаласына түскен бойда жедел медициналық көмек көрсетуде демеу болды.

Науқас Елорданың халықаралық әуежайынан №1 Қалалық ауруханасының жедел медициналық көмек көрсету бригадасымен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл госпитализацияға түсті. Қазір науқас №1 Қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап, дәрігерлердің назарында жатыр.

Өз кезегіне Олег Василенко және оның туған туысқандары Елордада көрсетілген жедел медициналық көмек үшін, ауруханаға жатқызуда шұғыл әрекет жасағаны мен бөлген көңілдері үшін Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына, қала Әкімдігіне, ақ халатты жандарға, аурухананың барлық медициналық қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

27540381 526245137755296 1989579835077480913 n

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін259
mod_vvisit_counterКеше304
mod_vvisit_counterОсы аптада563
mod_vvisit_counterӨткен аптада1988
mod_vvisit_counterОсы айда5251
mod_vvisit_counterӨткен айда9149
mod_vvisit_counterБарлығы1656190