26-09-2017

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының бас дәрігері С. Абдраимов қатысушыларға соңғы үш жылдағы еліміздің рейтингі туралы, АИТВ-ның таралуы әлемдік деңгейде – 1,6%, Қазақстан бойынша - 0,2% төмен екендігін айтып берді. Бас дәрігер елімізде АИТВ әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде, мемлекеттік бюджеттен тегін жүзеге асырылатынын атап айтты және АИТВ бизнеске ешқандай кері әсер етпейтініне ерекше көңіл аударды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың АИТВ жұқтырмаған адамдармен құқықтары тең, оларды жұмыстан шығаруға, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. АИТВ жұқтырғандар өздерімен жұмыс жасайтын әріптестеріне вирусты жұқтыра алмайды және ұжымға қауіп төндірмейді. Себебі АИТВ ауа  және тұрмыстық қатынас жолдары арқылы жұқпайды.

Журналистердің алдында ҚР ДСМ ҚДСК Астана қаласының Қоғамдық  денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары С. Бейсенова, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының бас сарапшысы Ж.Туребекова және ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы арнайы өкілі Б.Артаев сөз сөйледі.

Баспасөз көнференциясы соңында, С.Абдраимов БАҚ-ды, барлық бизнес басшыларына, АИТВ-ның отандық бизнестің дамуына ешқандай қатерлер мен қауіптер төндірмейтіні туралы хабарлауға шақырды. Аталған көрсеткіш бойынша еліміздің рейтингінің жоғарлауы сіз бен біздің белсенділігіміз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты екенін атап өтті.

Баспасөз конференциясына «Қазақстан ұлттық арнасы», «Астана TV», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттері, «Bag.kz», «КазИнформ», «NUR.KZ» ақпарат агенттіктері, «Kazpravda.kz» ақпараттық порталы, «Атамекен» ҰКП сайты, «Түгел» баспасөз клубы қатысты.

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін481
mod_vvisit_counterКеше763
mod_vvisit_counterОсы аптада481
mod_vvisit_counterӨткен аптада5523
mod_vvisit_counterОсы айда19961
mod_vvisit_counterӨткен айда17145
mod_vvisit_counterБарлығы1723555