Главная Қазақстан соңғы 10 жылда темекіге қарсы күрес процесінде белгілі жетістіктерге қол жеткізді

26-09-2017

Қазақстан соңғы 10 жылда темекіге қарсы күрес процесінде белгілі жетістіктерге қол жеткізді

IMG 20180602 WA0001ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің, ҚР ДСМ мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, ведомство басшыларының, Дүниежүзілік банк сарапшыларының, ҚР ҮЕҰ мен Ресей өкілдерінің және басқалардың қатысуымен денсаулық үшін зиянды өнімдер мәселелері жөніндегі секторларалық кеңесте хабарлады.

Алексей Цойдың айтуынша, Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында  қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиістігін, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін  күшейту керектігін, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.    Елбасының Жолдауын іске асыру үшін 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары сектораралық іс-қимылды дамыту, инфекциялық емес және инфекциялық аулуларды профилактикалау, дұрыс тамақтану  бойынша іс-шараларды нығайтуға бағытталған».

«ДДҰ деректері бойынша әлемде шамамен мерзімімен бұрын орын алатын өлімнің  80% -ы төрт анағұрлым кең тараған қауіп факторларымен байланысты – темекі шегу және  алкоголь ішу, дұрыс тамақтанбау және аз физикалық белсенділік, осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде халық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық факторларының әсерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыруды көздейді» дегенді қоса айтты.

Оған қоса, вице-министр Қазақстанда жарнамада тыйым салу практикасы енгізілгенін, ауруханаларды, жұмыс орындарын, мектептерді, қоғамдық көлікті қоса алғандағы қоғамдық объектілер темекі түтінінен 100% -ға арылғанын, темекі өніміне салынатын салық бөлшектеп саудалау құнының 40%-н құрайтынын, темекіні тастау тілегін білдірген адамдарға тегін негізде МСАК деңгейінде қызметтер (темекіге қарсы орталықтар) көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Дүниежүзілік банктің сарапшылары ұсынған алдыңғы қатарлы тәжірибе денсаулық үшін құрамында қант, тұз, трансмайлар деңгейі жоғары өнімдердің, алкоголь және темекі өнімдерінің «зиянды» әсерін азайту бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттігін растайтынын хабарлады. Осылайша, тәтті және алкоголь өнімдеріне салықты енгізу және құрамында тұзы көп (тұздалған) өнімдерді әкелуге тыйым салу Финляндияда соңғы 7 жылда инфекциялық емес аурулардың деңгейін 80 %-ға төмендетті, Венгрияда халықтың зиян өнімдерді тұтыну деңгейін 73 %-ға азайтты.

Сөзін қорытындылай келе, Алексей Цой, темекі шегу індетінің қарқынын азайтудың ең тиімді құралы акциздік саясат екенін атап өтті. Темекі өнімдеріне акциздерді әрбір 10 %-ға көтеру, дамушы елдерде балалар мен жасөспірімдер арасында тұтынудың 8% -ға және дамыған елдерде 4 %-ға азайтады. Елімізде шылымға акциздерді жоғарылату тиімділігін растау және осы саяси шараның денсаулықты сақтауға үлесінің бар болу тәжірибесі бар. Фильтрлі темекіге 2013 жылы бір қорапқа 31 теңдеген 60 теңгеге дейін акциз мөлшерлемесін бір рет көтеру ересектер арасында шылым шегу деңгейін төмендетті және елдің мемлекеттік бюджетіне кірістің 3 есе (2014 жылы 45,5 млрд. теңгеден 2017 жылы 138 млрд. теңгеге дейін) түсуін айтарлықтай арттырды. Мысалы, Ресей Федерациясының және Қытай Үкіметі темекі өнімдеріне акциздердің ағымдағы мөлшерлемелерін үнемі көтеріп отырады. Темекі өнімдеріне акциздерді көтеру үлгісі мемлекеттік бюджетке кіріс және темекі өнімдерін тұтынуды азайту, сондай-ақ ең бірінші кезекте қанайналым жүйесі, тыныс алу ағзалары және онкологиялық аурулар секілді инфекциялық емес аурулардан өлім көрсеткішінің азаю болжамын береді.

Кеңеске қатысушылар талқылау барысында басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сатау, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдастықтардың үйлестірілген іс-қимылдары арқылы негізгі инфекциялық емес ауруларды – қанайнылымы жүйесінің, тыныс алу ағзаларының аурулары, онкологиялық ауруларды профилактикалау мақсатында денсаулыққа әсерін тигізетін «зиян» өнімдерді азайту бойынша қосымша шараларды енгізу мүмкіндігін пайдалану қажет деген пікірге келді.  

 

1-001-1

ruhani

egov

100lic-ru

Счетчик посещений сайта
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня72
mod_vvisit_counterВчера272
mod_vvisit_counterНа этой неделе72
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе2574
mod_vvisit_counterВ этом месяце7155
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце27393
mod_vvisit_counterЗа все время1693604

За последние 20 мин: 4