Главная Кевин Фрик: Жедел жәрдем жағдайын министр жақсартуы керек емес

26-09-2017

WhatsApp Image 2018-10-17 at 13.56.18

Кевин Фрик: Жедел жәрдем жағдайын министр жақсартуы керек емес

c764f9c2a9194a484fd359d3a8ab23ff resize w 520 h Бүгін Астанада жедел медициналық жәрдем бригадаларының ІІІ республикалық жарысы аясында шұғыл жағдайдар бойынша мастер-кластар өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мастер-кластарды «Астана» оқу-клиникалық орталығының, Республикалық санитарлық авиация орталығының жетекші мамандары, Ресей, АҚШ, Израиль, ҚХР, Малайзия, Өзбекстаннан келген өкілдер өткізіп, жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

Мастер-кластың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысып, мемлекет денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметіне баса назар аударатындығына тоқталып өтті.

«Құрметті әріптестер! Мастер-кластың салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер! Мен Алматы қаласында медициналық жедел жәрдем ауруханасында реаниматолог-дәрігер болғам. Ол кезде көптеген мәселемен бетпе-бет келіп, ол мәселелерді шешкім келетін. Былтыр өткен жарыстың марапаттау кезеңіне қатыстым. Ол кезде 6 топ қана болса, биыл барлық аймақтан мамандар келген екен, сондай-ақ жарысқа халықаралық деңгейдегі қатысушылар келгені қуантады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем ауруханасына жаңа көліктер алынып жатқанын, жыл басынан бері барлық медициналық жедел жәрдем машиналары бірыңғай республикалық стандарттар бойынша біріктіріле бастағанын айтты.

Өтіп жатқан шараның қонағы, ҚР-ның медициналық жедел жәрдемді жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық сарапшы топтың төрағасы Кевин Фрик пікірімен бөлісті.

«Біздің мақсат – алдағы бірнеше күнде сіздермен бірге болу, ал сіздердің мақсаттарыңыз – басқа өңірдегі мамандармен танысып, тәжірибемен бөлісу. Бес жыл бұрын Канадада мен де сіздер сияқты жарысқа қатысып, жеңімпаз атанғам. Бірақ бұл – маңызды емес, маңыздысы –Қазақстанда жедел жәрдем қызметі дамып келе жатқанын қазақстандықтарға дәлелдеу. Бұл саладағы жағдайды мен емес, министр емес, дәл сіздер (жедел жәрдем қызметкерлері – автор) жақсарту керексіздер», - деді Кевин Фрик.

5ab6d8a8c002aff0aa3e687ba7ebe861 resize w 900 h

 

1-001-1

ruhani

egov

100lic-ru

Счетчик посещений сайта
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня174
mod_vvisit_counterВчера1186
mod_vvisit_counterНа этой неделе7445
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе7261
mod_vvisit_counterВ этом месяце19241
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце25030
mod_vvisit_counterЗа все время1747865

За последние 20 мин: 28