Главная Салалық мастер-кластар мамандардың біліктілігін арттыра түседі - министр

26-09-2017

WhatsApp Image 2018-10-17 at 13.56.18

Салалық мастер-кластар мамандардың біліктілігін арттыра түседі - министр

2f7099008b016bbe8025605570b35ecb resize w 782 h 439Қазақстанның барлық өңірлері мен Литва командаларының қатысуымен өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы аясында шұғыл жағдайлар бойынша халықаралық мастер-кластары өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Шараны ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Астана» оқу-клиникалық орталығы, Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы және Астана қаласының Ұлттық денсаулық сақтау палатасы ұйымдастырды.

"Жедел медициналық жәрдем жұмысын жетілдіру, біліктілігін арттыру, жедел медициналық жәрдем бригадаларының кәсіби деңгейін, тиімділігін және командалық жұмыс деңгейін, осы сала мамандарының әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр" - дейді мамандар.

Мастер-кластардың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мемлекет денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметіне баса назар аударатындығына тоқталып өтті. Ол жаңа машиналар сатып алынып жатқанын, ағымдағы жылдың басынан бері барлық жедел медициналық жәрдем машиналары бірыңғай республикалық стандартар бойынша біріктіріле бастағанын, 2017 жылы Қазақстанда халыққа жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету бойынша жаңа ережелер енгізілгенін, жүйе дифференциалды көзқарасты қарастыратындығын, төтенше санаттар бойынша қоңыраулар әртүрлі белгілерге сәйкес оңтайландырылып, топтастырылғанын айтты.

«Жедел медициналық жәрдем қызметі мамандарының жұмысын жақсарту үшін методологиялық, ұйымдастыру және ғылыми-практикалық мәселелерді талқылауға, ересектер мен балаларға шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуді жетілдіруге, ең үздік халықаралық практика негізінде медициналық кадрларды дайындауда жаңа және симуляциялық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алады», - деді министр.

Жедел медициналық жәрдем бригадалары төтенше жағдай, мысалы, көптеген зардап шегушілермен болған жол-көлік оқиғасы кезінде медициналық көмек көрсетуді үйренді.

Израильдік әріптестер көптеген зардап шегушілермен болған оқиға кезінде шұғыл жәрдем көрсету тәжірибесімен бөлісті. «Ambulanc» мекемесінің (Шэньчжэнь қаласы, ҚХР) директоры Ван Шуанвэй жедел медициналық жәрдем көрсетудегі жаңа технологияларымен таныстырды.

«Астана» клиникалық орталығының тренерлері политравма кезінде көрсетілетін көмекті демонстрациялады. Малайзия өкілдері әртүрлі пациенттерге жедел жәрдем кезеңінде көмек көрсету дағдыларымен таныстырды.

Мұндай шаралар жедел медициналық жәрдем мамандарын оқытуда әрі қарайғы жұмысты жетілдіру мақсатында әрекеттер алгоритмін құруға, республика халқына және еліміздің қонақтарына жедел медициналық жәрдем сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

05-07-2017-2 1

 

1-001-1

ruhani

egov

100lic-ru

Счетчик посещений сайта
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня174
mod_vvisit_counterВчера1186
mod_vvisit_counterНа этой неделе7445
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе7261
mod_vvisit_counterВ этом месяце19241
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце25030
mod_vvisit_counterЗа все время1747865

За последние 20 мин: 28