26-09-2017

Кеңес және шеберлік-класстардың ұйымдастырушылары болып табылады: ШЖҚ «№2 ҚБА» МКК  (бас дәрігері Б.С.Досмаилов), ШЖҚ «№2 ҚА» МКК (бас дәрігері И.И.Ли), «Бет-жақ хирургия орталығы» ЖШС  (директоры Х.Л.Сагындык) және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас бет-жақ хирургі, «Астана медициналық университеті» АҚ бет-жақ хирургиясы және стоматология кафедрасының меңгерушісі, профессоры Т.У.Батыров.  

Қазақстан Республикасы және жақын шетелелдерден бас және мойын онкологиясы, стоматология, оториноларингология және бет-жақсүйек хирургиясы бойынша 60-тан астам маман қатысты, Мәскеу, Ташкент, Омбы, Махашқала, Калининград, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Орал, Түркістан, Көкшетау қалалары өкілдерімен 50 баяндамалар айтылды.

Профессорлар және академиктер жетекші ғылыми, ғылыми-тәжірибелік орталықтардан және клиникалардан, М.Ф. Владимирский атындағы Мәскеулік облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институты ЖОО;  Ташкенттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты; С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; Дағыстандық республикалық клиникалық ауруханасы; «Астана медициналық университеті» АҚ; Омбы мемлекеттік медициналық университеті РФ ДСМ; Аль Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті; Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті; М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті; Назарбаев университеті; Қарағанды медициналық  университеті; Ясауи  атындағы ХҚТУ;  Калиниград, Мәскеу, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Орал қ.қ. ауруханалары және мамандандырылған ғылыми клиникалық орталықтары;  ҚР медициналық ассоциацияларының мүшелері («ҰМА» ҚБ, ҚР «БЖХ  Ассоциациясы» ҚБ, ҚР «ЛОР Ассоциациясы» ҚБ, ҚР «ТИ Ассоциациясы» ҚБ, ҚР «БМІ мамандар ассоциациясы» ҚБ; ҚР «ПЭ Ассоциациясы» ҚБ; «КСА» ҚБ) болды.  

 Конференция жоғары деңгейде өтті, бас және мойын аймағында онкология, неврология және остеопатия, стоматология, БЖХ, ЛОР-дың проблемалық мәселелері қамтылып, шешім ұсыныстары қабылданды.

 

Ұсынылды:

1.       Заманға сай жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған операциялық бөлме, бет-жақсүйек хирургия және оториноларингология бөлімшелері, сәулелі диагностика бөлімшесі (МРТ, КТ),  физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесі; стоматология бөлімшесі, тіс-техникалық зертхана мен жоғары білікті мамандары бар Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК базасында бет-жақсүйек және тіс-жақсүйек жүйесінің туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары бар балалардың кешенді мультидисциплинарлы емдеу орталығын ұйымдастыру.

2.       Амбулаторлық-емханалық ортада бет-жақсүйек хирургиялық көмекті дамыту және бет-жақсүйек хирургиясы мен отоларингология үшін "күндізгі стационар" ашу.

3.       Бет-жақсүйек және тіс-жақсүйек жүйесінің туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары бар балаларды қалпына келтіру орталықтары үшін амбулаторлық - емханалық қызмет (КДО) штатына бет-жақсүйек хирургтерін және дәрігер «стоматолог-ортодонт - жақ-бет протезші» мамандарын енгізу және дайындығын бастау.

4.       Бет-жақсүйек және тіс-жақ сүйек жүйесі патологиясын алдын алу мақсатында 12 желтоқсан 2016 жылдың №1053 бұйрығына сәйкес:

•        ОДСБ және МДСБ оқушы саны 800-ден аз білім беру мекемелерінде стационарлық стоматологиялық кабинеттер бөліп, материалдық-техникалық жабдықтар мен білікті тіс дәрігерлерімен нығайту.

•        міндетті түрде білім беру мекемелерінде және ЕПҰ-да стоматологиялық диспансерлеу жүйесін енгізу.

•        Мектептерде, ООО, ЖОО-да айына бір рет профилактикалық стоматологиялық тексеру және ауыз қуысының гигиенасы сағатын сабақ кестесіне енгізуге қол жеткізу.

5.       ҚР, алыс және жақын шетелдің жетекші мамандарының қатысуымен жыл сайын тұрақты пәнаралық шеберлік-класстар, конференциялар, конгресстер, форумдар ұйымдастыру.

6.       Бас және мойын саласындағы мамандардың жұмысын одан әрі интеграциясын дамыту  және сол үшін "бас және мойын"  мамандарының медициналық бейінді ассоциациясы одағын бекіту.

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін207
mod_vvisit_counterКеше518
mod_vvisit_counterОсы аптада1301
mod_vvisit_counterӨткен аптада3995
mod_vvisit_counterОсы айда12553
mod_vvisit_counterӨткен айда18934
mod_vvisit_counterБарлығы1790751