26-09-2017

Құрметті Елорда тұрғындары!

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Сіздерге өздеріңізбен байланысу және денсаулықтарыңызға қатысты мәселелерді шешу мақсатында ашылған сайтымызға қош келдіңіздер дейді!
Біздің атқаратын миссиямыз қала тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, бұл Сіздердің барлық сырқаттарыңызды емдей алмасақ та, олардың жазылуына көмектесеміз дегенді білдіреді. Ауруды тек бірлесе күш салу арқылы және денсаулыққа деген салиқалы жауаптылық жағдайында ғана емдеуге болады, ал ең дұрысы – оның пайда болуының алдын алу және болдырмау. Айналдырған дертті тап осындай ұстамда ғана жеңуге болатынын естен шығармаған жөн!
«... Ауру деген өз бостандығындағы өмір сияқты» деп айтып кеткен Ф. Энгельстің  нақыл сөзі бар. Сол себепті, сіздерді емдейтін дәрігерлерге өз денсаулықтарыңыз үшін, яғни өз бақыттарыңыз үшін көмектесіңіздер дегім келеді!

Құрметті Астаналықтар, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және табысқа кенелген саламатты өмір тілеймін!

Миссиясы:

Астана қаласының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және тұрғындарды тұрақты дамудың жоғарғы халықаралық стандарттарына және қалтқысыз танылған моделінің әлеуметтік жауапкершілігіне сәйкес қолайлы және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Пайымы:

Қала тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын және дені сау, бәсекеге қабілетті ұлтты құруына бағытталған Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының үйлесімді жүйесін жасау.

2011-2015 жылдарға арналған Басқарма қызметінің мақсаты мен басым бағыттары, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы, Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 421/55-IV шешімімен бекітілген, 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамытудың бағдарламасы және Астана қаласы Әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-1303К қаулысымен бекітілген, 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспары Ел Басшысының жолдауымен белгіленген.

Мақсаты:

Денсаулықты сақтау мәселелерінде барлық қоғамның күш салуымен, келісушілікке қол жеткізу жолымен қала тұрғындарының денсаулығын нығайту.

Басты бағыттар:

1. Қалалық медицина ұйымдарында тәжірибелік денсаулық сақтауға инновациялық технологияларды ендіру жолымен республика көлемінде қаланың бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесіне қол жеткізу мақсатында халыққа медициналық көмек.

2. Отандық денсаулық сақтау саласы кадрларын ел ішінде, шетелде және шетелдің жетекші мамандарын тарта (технологиялар трансферті) отырып кәсіби медициналық даярлауды және біліктілігін арттыруды жетілдіру, сондай-ақ медицина саласында халықаралық ынтымақтастық әлеуетін дамыту жолымен қалалық денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін құру.

3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмысын жаңғырту және бастапқы медициналық желінің рөлін күшейту. Азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту, өз денсаулығына деген бірдей жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау.

4. Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру жолымен халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөнінде сектораралық және ведомствоаралық өзара ықпалдастықтың бірыңғай ұлттық саясатын жүзеге асыру.

 

 

ruhani

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін5
mod_vvisit_counterКеше549
mod_vvisit_counterОсы аптада1191
mod_vvisit_counterӨткен аптада3986
mod_vvisit_counterОсы айда11264
mod_vvisit_counterӨткен айда13659
mod_vvisit_counterБарлығы1570571