«Интимдік денсаулық сұрақтары»

АИТВ жұқпасы – бұл  ауру адамның иммун тапшылығы вирусының ағзаға түсуі  кезінде пайда болады.

ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) - АИТВ жұқпасының (терминальды) соңғы сатысы. Вирус -  адам аурудың қандай да бір белгілерін сезгенге дейін ағзада бірнеше жыл өмір сүруі мүмкін. Осы уақыт кезеңінде адам өзін дені сау адамша сезінуі мүмкін алайда вирусты жұқтыра береді.

Адамның иммун тапшылығының вирусы үш жол арқылы жұғады:

  • жыныстық байланыс кезінде;
  • қан арқылы;
  • жүктілік кезінде АИТВ жұқтырған әйелден балаға, босану және емізу кезінде.

АИТВ -ның алдын алу ережелері қиын емес:

  • жыныстық қатынас кезінде  презерватив қолдану;
  • есірткіден бас тарту, залалсыздандырылған шприцтер мен инені қолдану;
  • АИТВ жұқтырған әйелдің жүктілік кезінде профилактикалық дәрі-дәрімектерді қабылдауы.

АИТВ жұқпасы диагнозы АИТВ –ға тестілеудің зертханалық зерттеулерінің негізінде ғана қойылады. Осы анализді мекенжай бойынша кез келген емханада немесе ЖИТС орталығында тапсыруға болады. Зерттеу ҚР азаматтары мен оралмандарға тегін жүргізіледі. Жасөспірімдердің АИТВ-ға тесттен өтуден ұялатыны немесе қорқатыны жиі кездеседі, яғни профилактика туралы аз хабардар. Астана қаласындағы ЖИТС орталығында және «Право» ҮЕҰ-нда АИТВ жұқпасына, сифилис және жыныстық жолмен жұғатын жұқпаларға тегін тексерілуге , сондай-ақ синдромды ем мен білікті дәрігер-гинекологтан, дәрігер-дерматовенерологтан консультация алуға болатын Достастық кабинеттері жұмыс істейді. Бұдан басқа сіздерге АИТВ жұқпасы, ЖЖЖИ туралы , жұқтырудан қорғану шаралары туралы жеткілікті ақпарат ұсынады, АИТВ-ға тесттен өтуден, презервативтер мен ақпараттық құралдарды тегін  алуға болады. Достастық кабинетінің дәрігерлерінен мамандандырылған медициналық көмек алу үшін Емдеу алдын ала бөлімі жолдама бере алады.

Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК сенім телефондары: 38-07-02, 38-04-64, сайт: www.astana-aids.kz

Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 5/1, достастық кабинетінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін.

«Право» ҮЕҰ мекенжайы: Абай көшесі, 92/3, достастық кабинетінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін.

 

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін100
mod_vvisit_counterКеше516
mod_vvisit_counterОсы аптада1143
mod_vvisit_counterӨткен аптада3725
mod_vvisit_counterОсы айда15245
mod_vvisit_counterӨткен айда16885
mod_vvisit_counterБарлығы1489433