Главная Хабарландыру

Объявления

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, b.almatova@astana.kz Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 12Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос орыны лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Илинка тұрғын үй алабы, Белқарағай көшесі, 1 үй, жұмыс телефоны: 95-41-08.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерлерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету; созылмалы ауру нысандары бар адамдары бар адамдарды динамикалық бақылау; ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарау; пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберуді және медициналық оңалтуға, сондай-ақ санаториялық шипажайға емдеуге іріктеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

            Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"
 заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер
 мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық 
сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме; өз еркімен толтырылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттардың (болған жағдайда) немесе еңбек келісім-шартының, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмесі; үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, 3х4 сурет (2 дана).

Құжаттарды қабылдау күні және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді өткізу мерзімі: құжаттар мемлекеттік органның және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның интернет желісінде басылып шыққаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 жұмыс күн ішінде. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың ұялы телефондары және электрондық адрестеріне жолдау тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 4 қабат, Астана қаласы әкімдігінің ғимараты. 

 

03-01-2019

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны:                             8 (7172) 557486, b.almatova@astana.kz Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» МКК бас дәрігері бос орыны лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Жаhанше Досмухемедулы көшесі  24  үй, жұмыс телефоны: 91-85-00.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерлерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету; созылмалы ауру нысандары бар адамдары бар адамдарды динамикалық бақылау; ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарау; пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберуді және медициналық оңалтуға, сондай-ақ санаториялық шипажайға емдеуге іріктеу.

 

Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарландыру

Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарландыру

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 133 тармағына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына Әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық етуі туралы хабарландырады.

  1. Келіп түскен өтінім шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі нақты қажеттілік: МЖӘ жобасы арқылы Астана қаласы, Т. Рысқұлов 6/1 көшесі мекенжайында орналасқан және жеке меншікте болып табылатын, жаңа салынып жатқан, жеке тұратын жылжымайтын объект базасында медициналық техникамен, жиһазбен жабдықталған 44 кереует-орынға арналған көп профильді стационардың қызмет етуін жүзеге асыру ұйғарылады;
  2. Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатқызылуы: МЖӘ жобасы техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатпайды.
  3. МЖӘ жобасын жүзеге асыру шарттары:

а) МЖӘ жобасының құны – 7 473 140 млн. теңге. Қаржыландыру көзі — Жекеше әріптестің өз қаражаты;

б) Әлеуетті жекеше әріптестің медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы мен стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек қызметтерін көрсетуші көп профилді стационардың 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігін білдіретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.

в) МЖӘ жобасын жүзеге асыру мерзімі 5 жылды (60 айды) құрайды.

г) МЖӘ жобасы шеңберіндегі мемлекеттік әріптес ТМККК және МӘМС шеңберінде шығындарды өтеуді және олар бойынша тиісті төлемдерді жүзеге асырады.

4. МЖӘ жобасының мәні:

Жекеше әріптес Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 427/61-V шешімімен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасында қойылған «Денсаулық сақтау қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласында салауатты, спорттық өмір салтын қалыптастыру» мақсатында Астана қаласының тұрғындары және қонақтары үшін Астана қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді стационар ашады.

Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:

- жалпы ауданы 10 800 кв.м. (соның ішінде 44 кереует-орын, 4 операциялық зал) медициналық кешен салу;

- медициналық кешенді жабдықпен, соның ішінде медициналық жабдықпен толық жабдықтау;

- көп профильді стационар қызметін қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды жинау және қамту.

5. МЖӘ жобасының күтілетін нәтижесі:

−                   халықтың ересек бөлігіне жоспарлы стационарлық көмек, соның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық қызметтерді көрсету;

−                   күндізгі стационар жағдайында стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету.

6. Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32 бабымен белгіленген жалпы біліктілік талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу.

7. Жоспарланған МЖӘ жобасын әске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер, осы Хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті белгілеу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінімге сәйкес баламалы ұсынысын береді:

  1. әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;
  2. мемлекетке жатуын (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;
  3. заңды тұлғалардың басшыларының немесе иелерінің және әлеуетті жекеше әріптестің өкілі болатын тұлғалардың деректерін көрсетеді;
  4. осы Қағидалардың 128-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын растайтын құжаттарды қоса береді.
  5. медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия және жылжымайтын объекттің медициналық қызметтерді көрсетуге сәйкестігін білдіретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды құжаттарын қоса береді;
  6. осы хабарламаға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылған бизнес жоспары.

Әлеуетті жекеше әріптестердің баламалы ұсыныстары өз симаттамалары мен параметрлері бойынша Хабарламада көрсетілгендерге тең немесе артық (Мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуы тиіс.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда төменде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті құжаттарды қолға тапсыру арқылы немесе тапсырысты пошта жөнелтімімен ұсыну қажет: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, № 422 кабинет.

Баламалы ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Орынд.: А.Саябаев

Тел. 55-74-85

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй, ВП-14 үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылғатегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй, ВП-14 мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:

медициналық көмек нысандары бойынша:

 

«Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 66 мекенжайы бойынша эфференттік терапия және гемокоррекция орталығын ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарландыру»

Тікелей келіссөздер арқылы "Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 66 мекенжайы бойынша эфференттік терапия және гемокоррекция орталығын ашу" мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама.

"Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ, "мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 44-бабына сәйкес және 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 "Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары" (бұдан әрі-қағидалар) 133 – тармағына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына "Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 66 мекенжайы бойынша эфференттік терапия және гемокоррекция орталығын ашу" (бұдан әрі-МЖӘ жобасы) туралы тікелей келіссөздер.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй, ВП-14 мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:

 

06.11.2018

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2018 жылғы 6 қарашадағы № 47 ж/қ «Жұмысқа қабылдау туралы» Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №39 ж/қ бұйрығының күшін жою туралы» бұйрығына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 12 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына жарияланған конкурс тоқтатылды.

 

05-11-2018

«Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «№1 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№2 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№5 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№6 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№7 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№8 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№11 қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «№13 қалалық емханасы» МКК, «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК,                          ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК,                        ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК, ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы МКК, ШЖҚ «№2 перинаталдық орталық МКК, «Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы» ШЖҚ МКК,                          ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК, ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» МКК-ның бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

 

«Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарландыру»

Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарландыру

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 133 тармағына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, тікелей келіссөздер жүргізу жолымен «Астана қаласы Т.Рысқұлов көшесі 6/1 мекенжайы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін 44 кереует-орынға арналған көп профильді аурухананың құрылуы және пайдалануға берілуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына Әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық етуі туралы хабарландырады.

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін781
mod_vvisit_counterКеше991
mod_vvisit_counterОсы аптада781
mod_vvisit_counterӨткен аптада7603
mod_vvisit_counterОсы айда18464
mod_vvisit_counterӨткен айда21861
mod_vvisit_counterБарлығы1818523