Объявления

Астана қаласы №8, №4, №5, №10 емханаларының қызмет көрсету аумақтары шекарасының өзгеруі туралы

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сіздерді №118 көше, 8-үй мекенжайында Басқармаға қарасты ШЖҚ «№10 қалалық емхана» МКК жаңа амбулаториялық-емханалық кешенінің ашылып, жұмыс жасай бастағаны жайында ескертеді.

 

В рамках празднования Международного женского дня 6 марта с 10.00 до 12.00 часов во всех городских поликлиниках проводится день открытых дверей для мам

Появление ребенка на свет – это большая радость, самое прекрасное и незабываемое событие в жизни. Перед женщиной открывается удивительный и неповторимый мир материнства. Для родителей наступает совершенно новый и ответственный период. Много новых забот и ощущений. С первых дней ребенок нуждается в заботе тех людей, которые его окружают.

 

11-12 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы екпе жасау

Құрметті елорда тұрғындары!

2014 жылғы 3 наурыздан бастап №2 қалалық балалар ауруханасында (Қошқарбаев көш., 64) 11-12 жастағы қыздарға тегін және ерікті түрде адам папилломасы вирусына қарсы екпе жасалады. Емдік шараны жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін алуға болады.

Толығырақ ақпаратты тұрғылықты жеріңіз бойынша МСАК ұйымдарынан (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар және басқалар) немесе  70-97-21 телефоны арқылы алуыңызға болады.

 

Ақпанның 3-інен 12-сіне дейін қалалық емханаларда Дүниежүзілік обырға қарсы күресу күніне орай ашық есіктер күні өткізіледі

2014 жылғы 4 ақпанда Онкологиялық диспансерде Дүниежүзілік обырға қарсы күресу күніне арналған баспасөз конференциясы өтті.

 

Жаңа Отбасылық денсаулық орталықтары

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Шипагер» және «Ниет» ОДА жаңа ғимаратқа көшкенін және тиісінше бір ауысымда 250 және 150 адамның келіп кетуіне шақталған Отбасылық денсаулық орталықтары ретінде қызмет ететіндерін қосымша хабарлайды

 

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту

Қаңтар айының 20-сынан 31-не дейін №1 қалалық ауруханада Республикалық дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту институтымен біріге отырып «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша семинар өткізіледі

 

Петарда жарылуы салдарынан жарақаттанудың алдын алу

Жаңа жыл қуаныш пен шатыққа толы мереке, алайда кейбіреулер үшін бұл мереке көңілсіз аяқталып жатады.

Жаңа жылдық мерекені тойлау кезінде көбісі петарда, салют, фейерверк атып жатады. Мерекелік көңіл-күй мен әр түрлі қыздыратын ішімдіктердің ықпалынан көп адам абай болуды, сақтану шараларын ұмытып кетеді де, жөнсіз тәуекелге барып, пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланбаудың құрбандарына айналып жатады.