Главная Медициналық міндетті тексерулерден өту алгоритмі

Медициналық міндетті тексерулерден өту алгоритмі

ҚР Үкіметінің №2136 15.12.2009 ж. «Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілденген мөлшерінің тізімін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмек көрсетудің кепілденген мөлшерінің тізіміне медициналық тексеру енбегендіктен, аталмыш қызмет түрі - медициналық тексеру ақылы негізде жүргізіледі.

Астана қ. емханаларында халыққа қолайлы және үрдістің шапшаңдығы үшін осы қызмет түрін іске асырушы бөлек құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.

Қажетті құжаттар:

Келесі құжаттар болған кезде ресімдеуді медицина қызметкері жүргізеді:

-жеке бас куәлігі;

-әскери құжат (ер адамдарға 083/у,108/у,086/у үлгісі үшін);

- (083/у үшін, жеке медициналық кітапша) иесінің фотосуреті.

Медициналық тексеруден өткен адам құжаты мөрмен бекітіледі.

Медициналық тексеруді өткізу уақыты:

Сағ.08.00-10.00 дейін анализдерді, сонымен қатар бактериологиялық зерттеуге де анализ тапсыру.

Мамандардың кеңес беруі, флюорография: сағ.08.00 – 17.00 дейін.

 

Эпидемиологиялық маңызы бар нысандарда жұмыс істейтін тұлғалардың міндетті медициналық тексерулерден өту алгоритмі (жеке медицицналық кітапша немесе санитарлық кітапша)

Тағам саласына қатысы жоқ (оқу орындары, қоғамдық тамақтанудың әкімшілік қауымы, дәріханалар қызметкерлері, менеджерлер және қонақ үйлер әкімшілігі) қауым міндетті түрде өтеді:

1. флюорография

2. терапевт кеңесін және жұмысқа бару рұқсатын алу.

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі – 1 тәулікте флюорография нәтижесін алғаннан кейін жұмысқа бару рұқсатын алумен (тексерілудің уақыты 2 сағаттан артық болмауы).

Медициналық қызметкерлер үшін қосымша (қан қызметінің медициналық персоналы,гемодиализбен айналысатын хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдің медициналық қызметкерлері, сондай-ақ, вирусологиялық, клиникалық, иммунологиялық және микробиологиялық зертханалардың медициналық қызметкерлері)

АИТВ-на ИФА–жылына 1 рет;

ИФА-HBsAg және anti-HCV –жартжылда 1 рет;

ИФА-HBsAg, ИФА- anti HBs, ИФА- anti HBсor total, ИФА anti-HCV - жылына 1 рет

Қызмет түріне қарамастан барлық медициналық қызметкерлер «В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинацияны алуы.

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –АИТВ анализ нәтижесін үшінші күні алумен есептегенде 3 күнде (тексерілудің уақыты 2 сағаттан артық болмауы).

 

Тағам саласына қатысы бар (сауда-саттық нысандарының, қоғамдық тамақтанудың, бала-бақшалар қызметкерлері, суқұбырлары құрылғыларының қызметкерлері, маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері) қауым міндетті түрде өтеді:

1. флюорография;

2.микрореакцияға қан анализі;

3.ішек құртын тексеруге кал өткізу;

4. санитарлық минимум және калды бактериологиялық тексеру.3 күннен бұрын емес бактериологиялық зерттеу мен нәтижені беру;

5. терапевт кеңесін және жұмысқа бару рұқсатын  алу.

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –3 күн, анализ тапсырғаннан кейін бактериологиялық зерттеудің 3-ші күні нәтижені алу есебімен (тексерілудің уақыты 3 сағаттан артық болмауы)

 

Халыққа санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету жұмысшылары қызмет түріне қарамастан (моншалар, сауна, шаштараз, косметологиялық салондар, кір жуу, химиялық тазарту), мәдениет үйі, кинотеатрлар, боулинг, ойын-сауық орталықтары, бассейн және суемі орындарының, балшық емі орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары

1. флюорография;

2. микрореакцияға қан анализі;

3.ішек құртын тексеруге кал өткізу;

4. терапевт кеңесін және жұмысқа бару рұқсатын  алу.

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –1 тәулік, анализ және флюорография нәтижесін алғаннан кейін жұмысқа жіберу рұқсатын берумен (тексерілудің уақыты 2 сағаттан артық болмауы).

 

086/у формасы бойынша адамдардың медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімінің алгоритмі (оқуға түсу, жұмысқа орналасу үшін)

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –1 тәулік, анализ және флюорография нәтижесін алғаннан кейін жұмысқа жіберу рұқсатын берумен (тексерілудің уақыты 4 сағатқа дейін).

1. зертханалық зерттеулер: «микрореакцияға қан», «жалпы қан анализі», «жалпы несеп анализі» көрсеткіштері бойынша;

2. ЭКГ- көрсеткіштері бойынша;

3. флюорография;

4. кәсіби зияндығы болған кезде хирург, невропатолог, ЛОР, офтальмолог, гинеколог (әйелдер), терапевт, профпатолог;

5. жоғарғы қауіптілік көзіне байланысты психиатрдың жұмысқа орналасуы және кәсіби жеке қызмет көрсету кезінде (04.12.2009 ж. № 2015 ҚР Үкіметінің қаулысы).

 

083/у формасы бойынша тұлғалардың міндетті медициналық тексеруден өту алгоритмі (көлікті тебуге берілген рұқсат туралы медициналық анықтама)

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –1 тәулік,психиатр және наркологтың шешімін алғаннан кейін (тексерілудің уақыты 4 сағатқа дейін)

1. 083/у формасын толтыру;

2.  зертханалық зерттеуге биоматериалды тапсыру: «жалпы қан анализі», «жалпы несеп анализі», резус-фактор және қан тобын анықтау;

3. флюорография;

4. ЭКГ;

5. хирург, невропатолог, ЛОР, офтальмолог, терапевт;

6. психиатр(ПДПМО), нарколог дәрігерінің(МӘОО) шешімі. Міндетті түрде 083/у формалы медициналық анықтаманың, мекенжай анықтамасының бар болуы.

Психиатрдың шешімі Астана қ. 12 үй,Жансүгіровкөшесінде орналасқан «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МҚКК (ПДПМО) мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негізде беріледі. Қабылдау: күнсайын сағ.08.00-18.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-12.00.

Наркологтың шешімі Астана қ. 12 үй, Жансүгіров көшесінде орналасқан ШҚЖ «Медицицналық-әлеуметтік оңалту орталығы» (МӘОО) МКК мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негіздеберіледі. Қабылдау:күнсайын сағ.08.00-17.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-13.00.

Кешенді медициналық тексеруді өткізу, көлікті тебу құқығын алуға үміттенушілер(083/у формасы) психиатр мен наркологтың куәландыруы 20-40 көшесінде орналасқан 2 үй мекенжайы бойынша мамандандырылған ХҚКО жүргізіледі. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағ.09.00-17.00 дейін, үзіліссіз.

 

108-1/уформасы бойынша тұлғалардың міндетті медициналық тексеруден өту алгоритмі (азаматтық және қызметтік қару ұстауға, сақтауға және сатып алуға рұқсат алу үшін)

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –1 тәулік, психиатр және наркологтың шешімін алғаннан кейін (тексерілудің уақыты 4 сағатқа дейін)

1. 108-1/уформасын толтыру;

2. флюорография;

3. невропатолог, офтальмолог, терапевт;

4. психиатр (ПДПМО), нарколог дәрігерінің (МӘОО) шешімі. Міндетті түрде 108-1/у формалы медициналық анықтаманыңжәне қызмет берушінің қызмет көрсетілетін ауданында тіркелудің бар болуы.

Психиатрдың шешімі Астана қ. 12 үй, Жансүгіров көшесінде орналасқан «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МҚКК (ПДПМО) мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негізде беріледі. Қабылдау: күнсайын сағ.08.00-18.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-12.00.

Наркологтың шешімі Астана қ. 12 үй, Жансүгіров көшесінде орналасқан ШҚЖ «Медицицналық-әлеуметтік оңалту орталығы» (МӘОО) МКК мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негізде беріледі. Қабылдау: күнсайын сағ.08.00-17.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-13.00.

 

082/у формасы бойынша тұлғалардың міндетті медициналық тексеруден өту алгоритмі (азаматтың шетелге шығуы үшін)

Медициналық тексеруден өту және жұмысқа бару рұқсатын алу мерзімі –АИТВ анализ нәтижесін үшінші күні алумен есептегенде 3 күнде (тексерілудің уақыты 4 сағатқа дейін).

1. зертханалық зерттеуге биоматериалды тапсыру: «жалпы қан анализі», «жалпы несеп анализі», «микрореакцияға қан өткізу»;

2. ЭКГ;

3. флюорография;

4. хирург, невропатолог, ЛОР, офтальмолог, гинеколог (әйелдер), дерматовенеролог, терапевт;

5. ЖИТС орталығында АИТВ тегін тексеру, үшінші күні сертификат берілумен;

6. психиатр (ПДПМО), нарколог дәрігерінің (МӘОО) шешімі. Міндетті түрде жеке бас куәлігінің, кәмелеттік жасқа толмағандар үшін қамқоршының жеке бас құжаты және  қамқоршылықты растайтын құжаттың,  қызмет берушінің қызмет көрсетілетін ауданында тіркелудің бар болуы.

7. терапевттің жоғарыда көрсетілген нәтижелер негізінде 082/у формасын толтыруы.

Психиатрдың шешімі Астана қ. 12 үй, Жансүгіров көшесінде орналасқан «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МҚКК (ПДПМО) мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негізде беріледі. Қабылдау: күнсайын сағ.08.00-18.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-12.00.

Наркологтың шешімі Астана қ. 12 үй, Жансүгіров көшесінде орналасқан ШҚЖ «Медицицналық-әлеуметтік оңалту орталығы» (МӘОО) МКК мамандандырылған медициналық мекемеде ақылы негізде беріледі. Қабылдау: күнсайын сағ.08.00-17.00 дейін, сенбіде – сағ.08.00-13.00.

 

 

ruhani

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін152
mod_vvisit_counterКеше370
mod_vvisit_counterОсы аптада3552
mod_vvisit_counterӨткен аптада3781
mod_vvisit_counterОсы айда11985
mod_vvisit_counterӨткен айда13177
mod_vvisit_counterБарлығы1530457