Главная Білім және мамандар

Обучение медицинских кадров

Информация для пациентов претендующих на лечение за рубеж

Құрметті азаматтар!
Құрметті пациенттер!

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында    біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін  пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.   

Бұл бағдарлама  қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.  

Егер Сізде  немесе сіздің балаңызда Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген  аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім)  енгізілген аурулар  болған жағдайда  бюджет қаражаты есебінен  шетелде ем ала аласыз  (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін  ауру  расталған   жағдайда,  сондай-ақ,  медициналық  мекемелерде  қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң  әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты  жеріңіздегі  бейінді маманға бейінді   республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.      

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге  емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар  пакетін  алған күннен бастап  Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне  пациент туралы деректерді Күту тізіміне  енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет  құруыңыз қажет.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді  Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.       

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).

 

Обучение медицинских кадров

Управление здравоохранения города Астана в период с 12 июля  по 8 сентября 2017 года направляют специалистов в Департамент по чрезвычайным ситуациям  города Астана для обучения  в сфере гражданской защиты.

Подготовка данных категорий обучаемых имеет большее значение, ведь от правильных действий руководящего состава (командиры формирований Гражданской защиты, руководителей групп занятий по гражданской защите в организациях), при возникновении чрезвычайных ситуаций зависит безопасность населения.

 

Қаланы медициналық кадрлармен жабдықтау туралы ақпарат

2015 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қалалық 34 медициналық ұйымдарда 8805 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 35,7% (3141) дәрігерлер болса, 64,3% (5664) орта медицина қызметкері. «Денсаулық сақтау дамуының республикалық орталығы»Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2015 жылдың 1 қаңтарына  берген деректері бойыншаАстана қаласының медицина қызметкерлерін 10 мың адамға шаққанда: 32% - дәрігерлерден (2013 жылы - 38,86%);58% -орта медицина қызметкерінен  (2013 жылы - 65,32%) құралды.

2014 жылғы есептік кезеңде қаланың емдеу мекемелеріне 3111 медицицна қызметкері жұмысқа алынды, оның 1073-і дәрігер.

Көптеген өткізілген шаралар нәтижесі бойынша кадрлар жетіспеушілігі – 555 медицина қызметкері, оның 249 – дәрігерді құрады.

Дәрігерлермен жасақталу келесі түрде сипатталады: штаттық кесте бойынша педиатр, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері 371,5 бірлікті құраса, барлығы 289 дәрігер жасақталған. 2014 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда – 30 дәрігерді (2014жылғы бірінші жартыжылдықта - 89), оның ішінде педиатрлар – 25 (74), эндокринологтар – 2 (9), невропатологтар – 3(6) құрайды, осыдан келіп дәрігер кадрларының жетіспеушілігі 3 есеге төмендегені байқалады.

2014 жылда Қазақстан Республикасының ғылыми орталықтарында және алыс және жақын шетелдерде біліктілікті арттыру мен алғашқы мамандандыру курстарынан 3285 адам өтті, оның 1679-дәрігер, 1444- орта медицина қызметкері, 162-әкімшілік персонал қызметкері.

Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (Болашақ) акционерлік қоғамымен бекітілген меморандум нәтижесінде 2014 жылы Америка Құрама Штаттары, Корей Республикасы, Израйль, Литва, Ресей Федерациясынан 17 дәрігер (2013 жылы - 19) 1-3 айлық оқудан өтті.

 

1-001-1

1-001-1

ruhani

egov.kz

100lic-ru

Сайтка кіру статистикасы
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін152
mod_vvisit_counterКеше717
mod_vvisit_counterОсы аптада5042
mod_vvisit_counterӨткен аптада9027
mod_vvisit_counterОсы айда21999
mod_vvisit_counterӨткен айда8117
mod_vvisit_counterБарлығы1681055